Сөздәйектер галереясы
Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл.
М.Қашқари
Аққайың ауданындағы кәсіби бағдарлау бойынша кездесу
4 қарашада "Токуши мектеп-гимназиясы" КММ Ашық есіктер күні өткізілді. Іс-шара бірнеше секцияда ұйымдастырылды. Факультет оқытушылары (Касенова МТ., Кулжанова Ж.Ж.) "Мектеп бітірушілерімен кәсіби бағдарлау жұмысы" атты секцияға қатысты. Олар факультеттегі білім беру бағдарламаларымен таныстырып, арнайы буклеттерді таратты. Оған қоса, хабарласқан Токуши мектеп-гимназиясы, Смирнов мектеп-гимназиясы, №1 Смирнов орта мектебі мектеп бітірушілеріне жеке кеңес берді.
07.11.2022
