Сөздәйектер галереясы
Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.
Ірімшік жасаудағы жаңа технологиялар!
Біздің кафедраның студенттері үшін LOGO e.V. қауымдастығының (Германия) қызметкері Алена Ламберг “Швейцариялық ірімшіктер өндірісі" тақырыбында қонақ дәрісін оқыды. Алена Швейцарияда ірімшік жасау саласындағы жеке тәжірибесімен бөлісті! Ол әр түрлі ірімшіктерді өндіру технологиясының ерекшеліктері, Германиядағы экологиялық ауыл шаруашылығының дамуы туралы айтты. Материал студенттерді қатты қызықтырды және олар дәрістен кейін спикерге сұрақтар қойып үлгерді! Logo e.V. компаниясындағы әріптестерімізге ынтымақтастық пен танымдық дәрісі үшін алғыс айтамыз. Қазіргі уақытта біздің кафедраның 7 студенті Германияда LOGO e.V бағдарламасы бойынша өндірістік практикадан өтуде. Біз үшін біздің студенттеріміздің оқу кезінде өз саласының мамандарымен кездесіп, кері байланыс алу мүмкіндігінің болуы өте маңызды!!!