Осындай ұранмен ЖОО-да университеттің 85 жылдығына арналған «Qyzyljar stars» облыстық вокалдық-хореографиялық байқауы өтті. 14-тен астам ұжым өз таланттарын көрсете алды. Балалар жеке, дуэтпен және топпен өнер көрсетті.
Фестивальде қазақ, орыс, ағылшын, тіпті кәріс тілдерінде әндер шырқалды. Жаңадан келген бишілер бір-бірінен керемет харизмасымен ерекшеленді. Әр нөмірдің артында шексіз жаттығулар, вокал және хореография мұғалімдерімен сабақтар және жеңіске деген ұмтылыс жатыр.
Құрамында СҚО «Birgemiz» еріктілер фронт-офисінің жетекшісі Анастасия Волкова, «Арабеск» ансамблінің хореографы, 316 студиясының негізін қалаушы Станислав Алерт және «Мята» мерекелік агенттігінің басшысы Екатерина Башкатова бар қазылар алқасы үздіктерді таңдап, марапаттады.
3 орында «Антурнан» хореографиялық ансамблінің ұжымы болды. Күмісті «Aenergi» би тобы алды. Бірінші болып ТЭжҚФ студенті Анастасия Михель болды . Ал гран-при «Шаңырақ» студенттік халық театры алды.
Байқаудың ұйымдастырушысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қозыбаев университеті болды.