Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беруге конкурс өткізу туралы

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беруге арналған конкурс «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына және М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ның Академиялық саясатына сәйкес 2022-2023 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша өткізіледі.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары конкурстық негізде ақылы негізде білім алушыларға білім беру бағдарламаларының топтары, оқу нысандары мен мерзімдері бөлінісінде оқуға түскен жылы ескеріле отырып беріледі.

Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде босаған бос орындарға конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Конкурс Білім беру грантын беру туралы куәлікті бере отырып, барлық оқу кезеңі ішінде үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі.

GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- («өте жақсы») бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- («өте жақсы») бастап В+, В, В-, С+ («жақсы») дейінгі бағалар, бұдан әрі – оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалар.

Келіп түскен өтініштер конкурстық комиссияның, Ғылыми кеңестің отырысында қаралады.

ЖОО ғылыми кеңестің шешімі негізінде бос білім беру гранттарына ауысу үшін үміткерлердің тізімін Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігіне шешім қабылдау үшін жібереді.

Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі келіп түскен құжаттарды қарайды және оң шешім қабылданған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің бос білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінішті және тиісті құжаттарды BURSAR кеңсесіне тапсырады: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін (2 корпус, 227 кабинет, тел. 49-32-52, 8-747-600-3613).

Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 16 қаңтарына дейін сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Өтініш конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағат пен күннен кешіктірілмей беріледі.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. М. Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма Төрағасы – ректорының атына жазылған өтініші ақылы негізде білім алушының бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысады.

2. Білім алушының транскрипті.

3. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.


Өтініш

Оқу процесінде босатылған бос білім беру гранттарының саны (2022 жылғы 29 желтоқсандағы деректер)

27.12.2022