Сөздәйектер галереясы
Нағыз білім, дененің шынайы мәдениеті сияқты, үйлесімділік пен оған деген ұмтылыс, бұл қол жеткізілген мақсатты сезіну және сонымен бірге алға жылжу ниеті
2023 жылдың 11 қаңтарында тарих, экономика және құқық факультетінде факультеттің жас ғалымдарымен кездесу өтті
2023 жылдың 11 қаңтарында тарих, экономика және құқық факультетінде факультеттің жас ғалымдарымен кездесу өтті. Кездесуге жас оқытушылар, докторанттар, постдокторанттар қатысты. Факультет басшылығы қатысушыларға Ғылым департаментінің оқытушылар алдына қойған міндеттерін еске салды: БССҚЕК ұсынған журналдарда және халықаралық Web of Science (Web of Knowledge) және/немесе Scopus деректер базасында индекстелген журналдарда жариялау белсенділігін арттыру, «Үздік оқытушысы», «Үздік зерттеуші» конкурстары, гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысу және т.б. Жас ғалымдар арасындағы Басқарма төрағасы – ректор грантын тағайындау конкурсының жеңімпазы Әбутәліпов Д.О., сонымен қатар «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының қатысушысы – Байтенизов Д.Т. тәжірибелерімен бөлісті. Кездесуде факультеттің ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
