Жыл сайын Қозыбаев университетінде ЖОО-ның жас ғалымдары үшін Басқарма Төрағасы-Ректор конкурсы өткізіледі. Оған 40 жасқа дейінгі магистранттар, докторанттар және ПОҚ қатысады. Мақсаты-материалдық ынталандыруды қажет ететін ең қызықты ғылыми жобаларды анықтау. Комиссия мүшелері Ғылым департаментінің өкілдері және ұсынылған бағыттар бойынша университеттің жетекші ғалымдары болып табылады. 2023 жылға арналған грант мөлшері-әр жеңімпазға 300 000 теңге. ИСТФ, МЖҒФ және ТЭҚФ-тан барлығы 12 өтінім түсті.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды:
1. Диана Абдреисова, докторант, гр.Э-д-20-п.жобаның тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы фриланс саласының даму перспективалары».
2. Вера Воропаева, магистрант, гр.ХТОВ-м-22. Жобаның тақырыбы: «Ультрадыбыстық дефектоскопия әдісімен пластикалық бұйымдардың ақауын анықтаудың жаңа әдісін әзірлеу».
3. Дмитрий Мокшин, докторант, гр.ХТОВ-д-20. Жобаның тақырыбы: «Медицинада қолдану үшін бальзамдық теректің биологиялық белсенді қосылыстарына негізделген препараттарды әзірлеу».
4. Андрей Полещук, ЭиР кафедрасының аға оқытушысы. Жобаның тақырыбы: «Құбыр қосылыстары мен коммуникациялардың күйін бағалау үшін цифрлық радиографияны қолдану».
5. Галина Савостина, ЭиР кафедрасының доценті. Жобаның тақырыбы:»Адамның биомедициналық сигналдарын автоматты талдау мен синтездеуге арналған интеллектуалды технологиялар және бағдарламалық-техникалық шешімдер».
6. Иван Фомин, МЖҒФ, ГЭ кафедрасының аға оқытушсы. Жоба тақырыбы: «KU навигатор».
Өз зерттеулерінің қорытындысы бойынша, жүлделі грантты игеру шеңберінде жеңімпаздар 1 жыл ішінде Scopus дерекқорымен индекстелетін, процентилі 35-тен асатын басылымдарда 1 ғылыми мақала немесе ҒЖБССҚК ұсынған отандық журналдарда 2 мақала жариялауға тиіс