Сөздәйектер галереясы
Тәрбие басы – тіл.
М.Қашқари
"Kazakhstan is my Motherland" тақырыбында дөңгелек үстел
Үштілді білім беру аясында 2023 жылғы 13 ақпанда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университетінде "Kazakhstan is my Motherland" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты: қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Міндеттері: Өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, Қазақстан тарихына қызығушылықты дамыту, студенттердің Отанымыз туралы білімдерін тереңдету. Іс-шараға тілдік емес мамандықтардың студенттері қатысты: И(о)-22к, КЯЛ-22к, СП-22к. Пікірталас үш тілде өтті: қазақ, ағылшын және орыс. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз сөздерін презентация көрсетілімімен сүйемелдеді.
Жауапты:
магистр, "Шет тілдер" кафедрасының аға оқытушысы Л.А. Бексұлтанова
Кафедра шт
03.03.2023