Сөздәйектер галереясы
Дұрыс сөздер көркем емес. Көркем сөздер сенімді емес. Жанашыр шешен емес. Шешеннің жанашыр болуы міндет емес. Білгір дәлелдемейді, дәлелдеуші білгір емес
«Ұрпақтар шайқасы»
Түрлі түсті киім үлгілері, жарқын бейне арқылы студенттер өткен 60-шы, 70-ші, 80-ші, 90-шы және 2000-шы жылдардың образына еніп, жарысқа түсті. 5 кезеңнен құралған байқауға АФ-тен 7 команда қатысып, шығармашылық қабілеттерін танытты. Қатысушылар өз қойылымдарында таңдалған кезеңге тән образды ашуға тиіс болды.
Сонымен , бастапқы жетпісінші жылдарды көрсеткен қатысушылар тығыз шалбар, ретро шаш үлгісін ұсынды. Негізі өткен жылдардағы әрбір музыка, кино және образ сансыз естеліктер қалдырды.80-ші жылдардың музыкасы мен сәніне серуендеген студенттер киім үлгісінің өзгерген тұстарын ерекше жеткізді. Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған әсерлі қойылымдар мен бағдарлама қорытындысы бойынша: 1 орынға -ТПП-20-к-1тобы жайғасты, Гран– при иегерлері-ТПП-21 тобы болды.
