"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Абай Құнанбаев

«Ұрпақтар шайқасы»

Түрлі түсті киім үлгілері, жарқын бейне арқылы  студенттер өткен  60-шы, 70-ші, 80-ші, 90-шы және 2000-шы жылдардың образына еніп, жарысқа түсті. 5 кезеңнен құралған байқауға АФ-тен 7 команда қатысып, шығармашылық қабілеттерін танытты. Қатысушылар өз қойылымдарында таңдалған кезеңге тән образды ашуға тиіс болды.

Сонымен , бастапқы жетпісінші жылдарды көрсеткен қатысушылар тығыз шалбар, ретро шаш үлгісін ұсынды.  Негізі  өткен жылдардағы әрбір музыка, кино және образ  сансыз естеліктер қалдырды.80-ші  жылдардың музыкасы мен сәніне серуендеген студенттер киім үлгісінің өзгерген тұстарын ерекше жеткізді. Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған  әсерлі қойылымдар мен бағдарлама қорытындысы бойынша: 1 орынға  -ТПП-20-к-1тобы жайғасты, Гран– при иегерлері-ТПП-21 тобы болды.

03.03.2023