Университет Спартакиадасы аясында студенттер арасында қысқы президенттік көпсайыс бойынша жарыстар аяқталды. Сайыс спорттың екі түрі бойынша өткізілді: шаңғы жарысы және күш жаттығулары: тартылу(ұлдар), серпіліс (қыздар).
Көпсайысшылар төзімділік және жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті. Жарыстың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау ғана емес, сонымен қатар университет құрамасын қалыптастыру үшін дарынды спортшыларды анықтау болды.
Нәтижесінде командалық есепте 1 орынды ПФ, екінші орынды– ТЭҚФ, үшінші орынды – ТжӘИ иеленді. Жеке біріншілікте Юлия Безушко (гр.ФКНВП-21) және Аман Рахметов (гр.ФКС-21)озып шықты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!