"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.

Олжас Сүлейменов

"Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері" атты іс-шара

 

          15.03.23ж "Практикалық қазақ тілі" кафедрасының оқытушылары Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған "Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері" атты іс-шара ұйымдастырды. Шараға университетіміздің академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі Апергенова Рената Сеитовна қатысып, студенттер мен оқытушыларды  келе жатқан ұлы дала халқының ұлық мерекесімен құттықтады.
         Іс-шараға университеттің барлық факультет студенттері қатыстырылды. Білім алушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері бойынша мемлекеттік тілде сахналық қойылым қойды. Шара қызықты өтті, қатысушылар көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады.

 

Кафедра пқт
16.03.2023