"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

«Наурыз» қайырымдылық жәрмеңкесі

2023 жылдың 16 наурызында Педагогикалық факультетте «Наурыз» қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өткізілді. Жәрмеңкені ұйымдастырушылар «Ашық жүрек» еріктілер ұйымының студенттері мен педагогикалық факультет студенттері. Жәрмеңкенің салтанатты бөлігін Педагогикалық факультет деканының міндетін атқарушы п.ғ.к., Л. В. Добровольская ашты. Жәрмеңке барысында барлық қатысушылар ойындарға қатысып, әсем әндер тыңдап, мың бұралған биді тамашалады. Барлық қатысушылар үйден пісірілген тағамдар мен қолөнер бұйымдарын сатып алу арқылы аз қамтылған отбасыларға көмектесуге үлес қосты. Жәрмеңкені ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғысын білдіре отырып, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтайды.

Кафедра абжмдо
16.03.2023