"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі.

Ы.Алтынсарин

Біз баскетболды таңдаймыз. Ал сен ше?

Осындай ұранмен ЖОО-да Наурыз мейрамына арналған әуесқойлар мен жастар арасында баскетболдан турнир өтті. Төрт күн ішінде 6 құрама ең қызықты спорт түрлерінің бірінде жеңіс тұғыры үшін күресті. Жарысқа ПФ және  ИСТФ студентерінен құралған ЖОО құрамасы «СҚУ Bears», «Виктория» БЖСМ жас спортшылары, сондай-ақ,  колледж білім алушылары мен СҚО баскетбол қозғалысының ардагер спортшылары қатысты.

Біздің «СҚУ Bears» құрамасы допты қарсыластарының сақинасына барынша  түсіріп, ең көп ұпай жинады. Екінші орынға Петропавл қаласының гуманитарлық-техникалық колледжінің  баскетболшылары жайғасты. Сондай-ақ, көшбасшылар үштігінде ардагерлер құрамасы да бар. Бұл турнир Ақтауда бір жарым айдан кейін өтетін ҚР XII жазғы Универсиадасына дайындық болды. Алдағы уақытта жаңа жеңістер тілейміз! Біз университетіміздің спортшыларын  қолдаймыз!

24.03.2023