"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ұстаз – ұлы есім.

М.Әуезов

«Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойыны

        19.04.23 күні «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Жауапты: кафедраның аға оқытушысы Ғ.Ақпанова. Ойынға келесі мектеп оқушылары қатыстырылды: М.Айтқожин атындағы №1 ОМ, №8 орта білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені, №21 ОМ, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж және М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың ХБ-22 тобының 1 курс студенттері.  

       Ойын келесі кезеңдерде өтті:

1. «Өзін таныстыру»

2. «Кім шапшаң?»

3. «Салт-дәстүрім – асыл қазынам»

4. «Мақал – сөз атасы»

            Ойын барысында қатысушылар ең алдымен өздерімен таныстырып, келесі кезеңдерде жаңылтпаш оқудан, қазақ халқының салт-дәстүрлері және мақал-мәтелдер бойынша өз білімдерін көрсете білді және келесідей нәтижелерге жетті:

 

І орын – «Жастар» командасы (М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж)

ІІ орын – «Тапқырлар» СҚУ, ХБ-22 тобының 1 курс студенттері

ІІІ орын – «Шаңырақ» командасы (№8 ОМ)

         Жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі Дипломдарына ие болды және мемлекеттік тілге әрқашан қолдау көрсетіп жүретін, осындай іс-шараларда демеушілік іс атқаратын «Аманат» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Зель Александр Викторович қатысушыларды сыйлықтармен марапаттады.

       

 

 

 

Кафедра пқт
21.04.2023