"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

Ы.Алтынсарин

9 Мамыр

9 мамыр  мерекесі қарсаңында «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» ББ студенттері мен оқытушылары өздерінің Ұлы Отан соғысына (1941-1945)  қатысып, ұрыс даласында жанқиярлықпен соғысып, өмірлерінің бағасымен жеңіске жеткен туыстарын еске алды.Іс – шара бірнеше маңызды сәттерді қамтыды: Қазақстан мен қазақстандықтардың ҰОС кезеңіндегі Қызыл Армия қатарындағы тарихи рөлі, "Қазақстандықтар-ҰОС батырлары" фильмін көру, соғыс туралы ақындардың өлеңдері. Соңғы кезең - "Өлмес полк". Студенттер өздерінің туған-туыстары-ҰОС қатысушылары туралы мәліметтерді, олардың жеке фото мұрағаттарынан алынған суреттерін ұсынды.Қазақстанда бұл соғысқа қатысқан, қан төгіп, жарқын болашақтың игілігі үшін өз өмірін қиған ата-бабалары жоқ бірде-бір отбасы жоқ шығар. Қатысқандардың әрқайсысы іс – шараға қызығушылықпен қатысты, әрқайсысы – қаза тапқандарды еске алды, әрқайсысы-9 мамыр күні еске алады.

04.05.2023