"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Аккредиттеу комиссиясының жұмысы аяқталды

ЖОО-да Тәуелсіз Қазақстандық аккредиттеу орталығының сараптамалық тобы жұмыс істеді. Сараптама комиссиясының мүшелері бес білім беру бағдарламасына мамандандырылған аккредиттеу стандарттары бойынша сәйкестігіне тексеру жүргізді:
«Жалпы медицина»;
«Фармация»;
«Арнайы педагогика»;
«Радиотехника, электроника және телекоммуникация»;
«Электрэнергетика».

Сапар бағдарламасында университет басшылығымен, құрылымдық бөлімше басшыларымен, кафедра меңгерушілерімен және декандармен, оқытушылармен, студенттермен, түлектермен, сондай-ақ, жұмыс берушілермен кездесулер ұйымдастырылды. Сарапшылар, материалдық-техникалық база мен практика базаларына тексеру жүргізді. Соңында комиссия мүшелері ЖОО басшылығына алдын ала қорытындылар ұсынды. Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу туралы шешім ТҚАО Аккредиттеу кеңесінің отырысынан кейін белгілі болады

18.05.2023