Сөздәйектер галереясы
...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.
Жүсіпбек Аймауытов
Оқу жылының қорытындысы бойынша старостат
Ағымдағы жылдың 19 мамырында оқу жылының қорытындысы бойынша старостат өткізіліп, "Академиялық оқу үлгерімі туралы", "Тәрбиелік іс-шаралардың орындалуы туралы", "Қызығушылықтар бойынша клубтарды ашу туралы" және басқа да сұрақтар қаралды. Іс-шара соңында факультет деканының м.а. оқу, ғылым, спорт және қайырымдылық қызметтегі жетістіктері үшін факультет студенттеріне алғысын білдіріп, "Успешный старт" - ПВО-22п, "Ең қамқорлы топ" - ППС-19к, "Шексіз ресурс" - ДОВ-19-1к, "Результаты и достижения" - ФКНВП-19, ДФ-20к. топтарын дипломмен марапаттады.
24.05.2023
