"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Барлық істің басшысы – білім мен ұғым.

Жүсіп Баласағұни

Қозыбаев университетінде MBA бағдарламасын іске қосу

Қазіргі заманғы басқарушылық білім мен дағдылар, бизнес-ортада еркін бағдарлау, стратегиялық шешімдер қабылдауда тиімді. Білім алушылар алдында мұндай мүмкіндікті Алматы менеджмент университетімен (AlmaU) серіктестікте ЖОО-да ашылған "Іскерлік әкімшілендіру магистрі"  MBA бағдарламасы ашады. Бұл бағдарлама жоғары және орта буын басшыларына, бизнес иелеріне арналған.

Бірінші қабылдау 18 адамды құрады. Оқу 2 жылға созылады. Осы уақыт ішінде олар 79 кредитті игереді, яғни 23 пән. Сабақтар жаңа оқу-зертханалық корпуста өтеді. Серіктес жоғары оқу орындарының педагогтары мен бизнес-жаттықтырушылары сабақ береді.

AlmaU ректоры Гүлнара Куренкеева жиналғандарды құттықтады: "Бұл бірегей бағдарлама, өйткені оны екі университет бірлесіп жүзеге асырады. MBA нарығында мұндай ынтымақтастық әлі болған жоқ. Бүгін AlmaU-да осы бағдарлама бойынша 1000-ға жуық адам оқиды. Әлемде мұндай мектептер көп емес".

Университетіміздегі MBA артықшылықтары:

Бағдарламаның қазақстандық нарық жағдайына бейімделуі;

Ыңғайлы оқыту форматын таңдау: модульдік, кешкі, weekend;

– Оқытушы-практиктердің консалтингі;

– Бизнес-байланыстарды кеңейту, танысу және т. б.

Біздің университетте MBA бағдарламасына қабылдау жыл сайын жүргізіледі

25.05.2023