"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.

Борис Акунин

Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс

М. Қозыбаев атындағы  СҚУ  КЕАК профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды:

1.  «Құқық пәндері» кафедрасы

Аға оқытушы - 1 бірлік


 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Университетте жұмыс істейтін тұлғалар өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:

  • университеттің белгіленген тәртібінде куәландырылған жарияланған және оған теңестірілген ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың тізімі;
  • презентация (3 слайдтан аспайтын көлемде);

Конкурсқа алғаш рет қатысатын тұлғалар өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың (білім туралы құжаттардың) көшірмелері; ;
  • соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса); (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарғ а қатысты қолданылмайды);
  • ұйымның кадр қызметінің қолымен немесе ғылыми мақалаларды жариялау бедерімен расталған соңғы 5 жылдағы ғылыми еңбектерінің тізімі (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қолданылмайды);;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс немесе практикалық қызмет өтілін растайтын өзге де құжаттар;
  • презентация (3 слайдтан аспайтын көлемде).

Құжаттар жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қабылданады: Пушкин к-сі, 86, 2 корпус, 219 кабинетте немесе университет почтасында қабылданады http://mail@ku.edu.kz/ анықтама тел. 36-94-68

Конкурстың өткізілетін күні мен орны туралы қосымша хабарланатын болады.

22.08.2023