"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Көңіл - терең теңіз, білім - тереңінде жатқан інжу-маржан.

Жүсіп Баласағұн

Стратегиялық серіктестіктің көкжиегін кеңейту

Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып Қозыбаев университеті,  Жібек жолының ғылыми-техникалық инновациялар және ауыл шаруашылығы білімі Альянсының құрамына кірді. Оқу ордамызда бакалавриат пен магистратураның 13 ауыл шаруашылығы бағдарламасы бойынша дайындық жүргізілуде. Біз Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетімен 5 жылдан астам табысты жұмыс істеп келеміз.

Бірлескен Агротехнопарк ашылды, дақылдарды сорттық сынау бойынша зерттеулер, студенттермен алмасу туралы келісімге қол қойылды, педагогтардың біліктілігін арттыру жүргізілуде.Өткен аптада ҚХР-да Жібек жолы ауылшаруашылығы білімі альянсының жыл сайынғы конференциясы және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің ауылшаруашылық университеттері ректорларының Ⅱ форумы өтті. Іс-шараға Қозыбаев университетінің Басқарма мүшелері, Қазақстан, Беларусь, Иордания, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстанның 50 университеті мен ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері қатысты.

«Мен конференцияға қатысушылармен университетіміздің аграрлық сектор үшін кадрлар даярлаудағы тәжірибесімен бөлістім.Сонымен қатар, стратегиялық серіктестіктің осы салаға қалай ықпал ететінін айтып өттім. Конференцияны ұйымдастырушы Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті, біздің ЖОО-ның стратегиялық серіктестерінің бірі. ШЫҰ  мүшелерімен университетіміздің серіктестерімен кездесіп, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылағаныма қуаныштымын», – деді Басқарма Төрағасы – Ректор м.а. Рената Апергенова.

Сондай-ақ, конференция аясында  ауыл шаруашылығы білімі, ғылым және технология саласындағы инновациялар форумы өтті. Қатысушылар Янлин қ. зияткерлік ауыл шаруашылығы демонстрациялық саябағын аралады.

26.09.2023