"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.

Мәлік Ғабдуллин

Спорт пайдасының дәлелі

Қозыбаев студенттері салауатты өмір салтына тағы бір қадам жақындады.1 курс студенттері арасында ұйымдастырылған «Спорт есірткіге қарсы» жеңілатлетикалық кросс 90-ға жуық студентті қамтыды. Жыл сайынғы жарыс Петропавл қаласының қалалық саябағында өтті. Шынығудың пайдасын ұлдар 2 км , ал қыздар 1 км шақырым қашықтықты бағындырып, дәлелдеді. 

Жарыс қорытындысы бойынша:

Қыздар тұғыры толығымен ПФ:1  орын – Екатерина Борсук, 2 орын – Карина Фаузель, 3 орын- Ельдана Тайбупенова.

Ұлдар арасында Эльдар Верховников (ПФ) үздік атанса, Әнуар Балтабеков (ПФ) күміс, Александр Шабанов (ИСТФ) үздік үштікті түйіндеді.

02.10.2023