Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Біз білім беру бағдарламаларының тиімділігі бойынша үздік 10 ЖОО қатарындамыз
Екінші жыл қатарынан «Қазақстанның Академиялық Адалдық Лигасы» «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР ҒЖБ министрлігінің ББ бағдарламаларының рейтингісі бойынша ресми мәліметтерді есептеу үшін пайдалана отырып, еліміздің ЖОО-ның рейтингін шығаруда.
Есептеу әдістемесі бірқатар объективті көрсеткіштерді қамтиды: түлектердің орташа жалақысы, олардың жұмысқа орналасу деңгейі және жұмыс іздеу ұзақтығы, мансаптық перспективалары, сондай-ақ сараптамалық бағалау.
Рейтингтің айрықша ерекшелігі- кез келген пайдаланушының ыңғайлылығына бағытталған ақпараттық-аналитикалық бақылау тақтасы форматында шығарылады. Мұның барлығы университеттерді өз бағдарламаларының сапасын жақсартуға ынталандырады және түлектердің еңбек нарығындағы табысқа деген қызығушылығын арттырады.
Академиялық адалдық Лигасының рейтинг нәтижелері бойынша Қозыбаев университеті де қазақстандық үздік 10 университеттің қатарына енді! Университет ұжымын үлкен жетістікпен құттықтаймыз!
