"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

«Елін, халқын сүйген азамат» турнирі

Оқу ордамызда көрнекті ғалым, ректор қызметін атқарған Қанаш Шәкеновті еске алуға арналған волейболдан турнир өтті. Қанаш Шәкенұлы ЖОО-да спортты дамытуға көп көңіл бөлді. Оның арқасында жатақханалар, оқу ғимараттары, спорт залы бар бірінші оқу корпусы салынды.

Жеңіс үшін оқытушылар мен қызметкерлер қатарынан барлығы 8 команда күресті. Ойын тартысты өтті. Жарыстың ашылу салтанатына Қанаш Шәкеновтың әріптестері, достары, шәкірттері мен туыстары қатысты. 

Нәтижесінде ПФ үздік атанып, 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық ұтып алды. Екінші орынға жайғасқан ӘБА 75 000 тг берілді. Үшінші орынды және 50 000 тг МФ алды. Құттықтаймыз!

30.10.2023