Дүниежүзілік сапа күні әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өткізіледі. Оны құрудың бастамашысы БҰҰ қолдауымен Еуропалық сапа ұйымы болып табылады. Бұл күні әлемнің көптеген елдерінде іс-шаралар өткізіледі. Мақсаты-азаматтардың лайықты өмірі мен елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы өнімдер мен қызметтердің маңыздылығын атап өту.
Біздің университет осы дәстүрді 18 жылдан бері қолдап келеді және жыл сайын сапа апталығын ұйымдастырады. Осы жолы 6-10 қараша аралығында университет қабырғасында өтіп, үшінші миссиясын жүзеге асыруға арналады.
Бірінші күні педагогика мамандығы бойынша студенттерге бірқатар ашық сабақтар өткізілді. Эстафеталық ойындарды жоспарлау әдістемесін болашақ БӘД және дене шынықтыру мұғалімдері өздерінің оқытушысы Айжеркенова А.А. мен «Ұлттық спорт түрлері және оқыту әдістерімен ашық ойындар» пәні аясында қарастырды.
«Жобалау педагогикалық технология ретінде» тақырыбында пікірталас пен жоба әдісін қолдану арқылы ашық дәрісті «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға-оқытушысы Мокшин Д.С. өткізді.
Сонымен қатар, математиканы оқыту әдістемесі сабағына университет оқытушысы Мұхаметжанова И.А. мен бірге «Әл-Фараби» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Елжасова А.М. қатысты. Мұндай дәрістер студенттерге мәтіндік есептерді құрастыруды жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Студенттер топтық пікірталас құрды.
Бөкетов университетінің «Педагогика ғылымдары» бағыты бойынша магистранттардың онлайн қатысуымен студенттерге «Педагогика және психология» кафедрасының профессоры Мурзалинова А.Ж. «Менің мақалам – менің ортам» тақырыбындағы Magistr Fest өткізді.