Университетімізде екінші жыл бойы бірінші курс студенттері үшін «Қоғамға қызмет» пәні өткізілуде. Оның аясында студенттер жобалық іс-әрекет дағдыларын, тиімді қарым-қатынастың психологиялық негіздерін меңгеріп, қоғамның нақты мәселелерін шешуде, сыни тұрғыдан ойлауды дамытады.
Әр топ студенттері өздерінің әлеуметтік жобаларын жүзеге асырады. Олар, қарттарға, балалар үйіне, жануарларға арналған баспаналарға көмектесуге бағытталған. Сондай-ақ, қоғамдық-саяси, спорттық, БАҚ, медициналық, этномәдени және т.б. салаларға қатысты. Ең бастысы бұл қызметтің мақсаты қоғамға пайда әкелу: Қазақстан тарихын насихаттау, мемлекеттік тілді меңгеру, қоршаған ортаны құрметтеу және т.б.
Алғашқы оқу семестрінің өзінде бұл жұмысқа 500-ге жуық ерікті тартылған. Олар 40-тан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырады. Қатысушылар «Қоғамға қызмет» пәні арқылы университеттің үшінші миссиясын жүзеге асыру» іс-шарасында аралық нәтижелерімен таныстырылды.
«Алғашқы рет осы пән АҚШ-та енгізілді. Ал Қазақстан бойынша тағы 3 ЖОО-да оқыту жүргізілуде. Оқу үдерісіне енгізуіміздің басты себебі – студенттер қоғамға көмектесуді үйреніп, оны жүзеге асырудың жолдарын қарастырады. Білім ордамыз, қала, қоршаған орта мұның барлығы қоғаммен тығыз байланысты. Аталған оқу курсы аясында студенттер, алған білімдерін тәжірибе жүзінде нақтылайды», - деді Тәрбие жұмысы, әлеуметтік мәселелер және жұмыс берушімен өзара әрекеттесу мәселелері жөніндегі Басқарма мүшесі Ақмарал Тұрғалеева
Кездесуге студенттерімізбен жұмыс жасаған серіктестер қатысты. Олар мұндай волонтерлік іс-шаралар қоғамда үлкен сұранысқа ие екенін атап өтті.