Біздің оқу ордамызда Дүниежүзілік сапа күнін тойлау дәстүрі 18 жыл жалғасып келеді. Әдетте қарашаның екінші аптасында барлық кафедралар мен факультеттер Сапа апталығының ортақ идеясымен біріктірілген ашық сабақтар, конкурстар, конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізеді. Жыл сайын әртүрлі тақырып таңдалады. Биыл университеттің үшінші миссиясын жүзеге асыруға арналды.
«Университеттің үшінші миссиясы» термині университеттің қоғамның дамуына қосқан үлесін білдіреді. Әдетте, университет қызметінің үш аспектісін қамтиды: технологиялар мен инновациялар трансфері, үздіксіз білім беру және әлеуметтік қатысу.
Сапа апталығында біз 28 іс-шара өткіздік:
• 9 ашық практикалық сабақ;
• 6 ашық дәріс;
• 2 ашық семинар;
• 2 дөңгелек үстел;
• 1 ашық зертханалық сабақ;
• 1 ашық бинарлы дәріс;
• 1 сырттай өткізілген іс-шара;
• 1 интеллектуалдық және білім сайысы;
• 1 ашық пәнаралық сабақ;
• 1 ғылыми-әдістемелік семинар;
• 1 пән бойынша презентация;
• 1 студенттік ғылыми-практикалық конференция;
• 1 Magistr fest.
Қорытынды шара ретінде «Қоғамға қызмет» пәнінің тұсаукесері өтті. Студенттер әртүрлі бағыттар бойынша әлеуметтік жобаларын жүзеге асырады: жетімдерге, қарттарға, жануарларға көмектесу, табиғатты аялау және т.б.