"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Абай Құнанбаев

Антонина Дюрягинаны профессор ғылыми атағының берілуімен құттықтаймыз!

ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Төрағасының бұйрығымен «Химия ғылымдары» бағыты бойынша профессор ғылыми атағы Антонина Дюрягинаға берілді.

Антонина Николаевна, х.ғ.к., Қозыбаев университетінің "Химия және химиялық технологиялар" кафедрасын басқарады. Еліміздегі кәсіпорындардың қалдықтарын ұтымды жою негізінде модификацияланған битум композициялары мен асфальтбетон қоспаларын жасау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы тақырыпта ұжыммен бірлесіп, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми жобалар грантын жүзеге асыруда. Антонина Дюрягина металл құрылымдарын коррозияға қарсы қорғау және полиметалл шикізатын гидрометаллургиялық өңдеу технологиялары саласындағы ғылыми зерттеулермен айналысады. 

Жоғары бағаланған ғылыми-педагогикалық еңбектеріңіз арта берсін!

17.11.2023