Сөздәйектер галереясы
Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек.
В. Маяковский
Республикалық турнирде үш қола медаль
Астанада қазақ күресінен "Жас барыс" республикалық турнирі өтті. Біздің студенттер бірден үш "қоланы" жеңіп алып, лайықты өнер көрсетті.
"Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша оқитын Мұрзаш Әділет +90 кг салмақ дәрежесінде күресті (2006-2007 ж.). Жеке жаттықтырушы Бейбіт Сәдуақасов.
2003-2005 ж.ж. арасында 72 кг салмақ дәрежесінде үшінші орынды Руслан Ильбисинов (МЖҒФ, МИ-22 тобы), ал 78 кг санатында – Дмитрий Динер (ПФ, ФКС-22-1 тобы) иеленді. Екі спортшының жеке жаттықтырушысы-Дәурен Ислямов. Палуандар мен тәлімгерлерді құттықтаймыз!
22.12.2023