Сөздәйектер галереясы
Жаманмен жолдас болсаң, жаласына қаласың. Наданмен жолдас болсаң, бәлесіне қаласың.
Халық даналығы
Спартакиада ойындары басталды!
Қозыбаев университетінде оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы дәстүрлі спартакиаданың ашылуы өтті. Жыл сайын құрамалар жасақталып, түрлі спорт түрлерінен жарысады. Бұл жолы спорттың 8 түрі бойынша өтеді. Сайыстың ашылуы волейбол ойындарынан басталды. Олар үш күнге созылады. Факультеттердің 7 құрамасы және әкімшілік-басқару қызметкерлері қатысуда.
Келесідей жарыстар аяқталды:
1. Үстел теннисі – 1 орын ӘБП
2. Тоғыз құмалақ – 1 орын ТЭҚФ
3. Шахмат – 1 орын МФ
4. Дартс – 1 орын ТжӘИ
5. Жүзу – 1 орын ТжӘИ
Алда волейбол, шағын футбол, арқан тартыс ойындарының нәтижелері күтілуде. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!
16.01.2024