"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Нағыз білім, дененің шынайы мәдениеті сияқты, үйлесімділік пен оған деген ұмтылыс, бұл қол жеткізілген мақсатты сезіну және сонымен бірге алға жылжу ниеті

Герман Гессе

7 білім беру бағдарламасы үздіктер қатарында

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 2023 жылға арналған қазақстандық ЖОО-ның білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізді. Бб мазмұны, студенттер мен оқытушылардың жетістіктері, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру ұйымдарының жалпы көрсеткіштері бағаланды.

Маңызды критерийлердің бірі- түлектерді жұмысқа орналастыру. Осы бағыт бойынша Қозыбаев университеті рейтингке қатысатын барлық жоғары оқу орындары арасында көшбасшылар үштігіне кірді (3 орын)! Біздің түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші- 88% құрайды.

7 Білім беру бағдарламасы жүлделі орындарға ие болды. Бұл Педагогикалық және Агротехнологиялық факультеттердің, сондай-ақ, Тіл және әдебиет институтының мамандықтары.
1 орын – «Дефектология» (17 ЖОО арасында)
2 орын – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» (9 ЖОО арасында)
2 орын – «Орыс тілі мен әдебиеті» (18 ЖОО арасында)
2 орын - «Музыкалық білім» (20 ЖОО арасында)
3 орын - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» (9 ЖОО арасында)
3 орын – «Әлеуметтік педагогика» (9 ЖОО арасында)
3 орын – «Дене шынықтыру және спорт» (39 ЖОО арасында)


Айта кету керек, тағы 14 Бб бағдарламалары 4-6 орын алып, лайықты нәтижелер көрсетті.
«Атамекен»  ҰКП рейтингіндегі жоғары орындар-университеттің ПОҚ ұжымы мен білім алушыларының еңбегі, сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен және жұмыс берушілермен тиімді өзара ынтымақтастықтың  нәтижесі!

31.01.2024