"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да сезімтал жан дүниесі болуын...

Д.Дидро

«Физхимик–2024» Халықаралық студенттік пәндік онлайн олимпиада

27-29 ақпан 2024 жылыәл-Фараби атындағы ҚазҰУ 90-жылдығына арналған профессор  Оспанова Х.К. атындағы «Физхимик–2024» атты Халықаралық студенттік пәндік онлайн олимпиада өтті.

Олимпиада мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту және физикалық химия саласындағы білімдерін жастар арасында кеңінен насихаттау; студенттер арасында білім мен идеялар алмасуына ықпал ету.

Профессор Б.К.Масалимованың жетекшілігімен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің XЭАКП KZ-US-22 тобының студенттері Жабина Алина, Карташева Эрика қатысты.

Олимпиадаға қатысушылар шараның демеушісі «AlemTrade» компаниясының ынталандыру сыйлығына ие болды.

Кафедра хжхт
13.03.2024