Сөздәйектер галереясы
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.
"Наурыз" мейрамына арналған "Тәуелсіздікпен қайта оралған дәстүрлер-ай" атты мерекелік іс-шара
"Практикалық қазақ тілі" кафедрасының ұйымдастыруымен 13 наурыз күні "Наурыз" мейрамына арналған "Тәуелсіздікпен қайта оралған дәстүрлер-ай" атты мерекелік іс-шара өтті.
Шараның басты мақсаты - мемлекеттік тілдің аясын кеңейтіп, жастарға ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Іс-шараға университеттің барлық факультет студенттері қатыстырылды. Білім алушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері бойынша мемлекеттік тілде сахналық қойылым қойды. Қойылымдарда наурызды қарсы алу, сәбидің туғаннан бастап үйлену тойына дейін кезеңдер көрсетілді. Іс-шара барысында шашу шашылып, бауырсақ таратылды . Шара студенттер үшін қызықты өтті, қатысушылар көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады.



