"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал. Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.

Жүсіпбек Аймауытов

Наурыз мейрамы

Педагогикалық факультетте Ұлыстың ұлы күні Наурызға арналған «Наурызым шат-думан көңіл тойы» мерекелік іс-шаралар апталығы басталды. Апталық аясы 14 наурыздан басталып 20 наурызға дейін жалғасады. Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналған:

14 наурыз – "Көрісу күні-Амал мерекесі";

14 наурыз - "Біздің күшіміз-бірлікте» қала тұрғындары үшін мерекелік шеру;

15 наурыз – "Ұлттық құндылықтарды ұлықтайық" көрмесі;

18 наурыз – "Үкілі кәмшат" этно сән көрсетілімі;

18 наурыз – "Ұлттық ойындар-ұлт игілігі" тоғызқұмалақ ойын;

19 наурыз - "Тарихтан тағылым -өткенге тағзым" танымдық іс-шара;

20 наурыз – "Наурызым шат-думан көңіл тойы" мерекелік сазды кеш.

15.03.2024