Сөздәйектер галереясы
Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
Игі істер көп болсын!
Наурыз мейрамының жаңа тұжырымдамасына сәйкес 15 наурыз- Қайырымдылық күні, жанашырлыққа, риясыз көмек көрсетуге бағытталған. Бұл күні біздің ЖОО-ның студенттері Лидия Ивановна Бабичеваға барды. Зейнеткер 82 жаста, жеке тұрғын үйде жалғыз тұрады. Еріктілер ауладан және шатырдан қарды тазартуға көмектесті, бөлмелердің ішін жинастырды. Едендерді жуып, сөрелердің шаң тозаңдарын сүртті. Олардың айтуынша, зейнеткерге көмектесуге жиі келіп тұрады екен. Аға ұрпаққа қамқорлық болу, құрмет көрсету - мәдениттіліктің белгісі. Өйткені, басқаларға жақсылық жасау арқылы, біз айналамыздағы әлемді мейірімділікке толтырамыз.
