Сөздәйектер галереясы
Өзін өзі сыйлайтын адам, өзгенің үстінен сөз айтпайды. Ал өзін-өзі сыйлай алмайтын адам өзгені сыйлап қайтеді.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіндегі MBA Day.
16 наурыз 2024 ж. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде кезекті МВА Day өтті. Аталған іс-шараның мақсаты МВА бағдарламаларында оқыту арқылы кәсіби өсу, біліктілікті арттыру және халықаралық деңгейдегі білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру болды. Кездесуге келесі спикерлер шақырылды; Сабитов Тимур , бизнес-жаттықтырушы, қазақстандық Маркетинг, жарнама және PR Федерациясының және халықаралық марткетинг мектебінің төрағасы, "AlmaU" университетінің ЖББМ оқытушысы; Исаков А. А., кәсіпкер, МВА магистрі; Жапабаев А. А., "Отбасы банк" АҚ филиалының директоры, МВА магистрі. Іс-шараға өңірдің кәсіпкерлері, жұмыс берушілер, университет оқытушылары белсенді қатысты.
