"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Өзінен бұрынғылар айтқан пікір, ғылыми қорытындыларын бүкпей де, бүркемей де әділ бағасын беру, дұрысын қолдап, терістігін сынай отырып іздену арқылы ғана ғылым ілгерілемек.

Қажым Жұмалиев

Ұлттық көрме

2024 жылдың 15 наурызында Педагогикалық факультеттің «Бастапқы және мектепке дейінгі білім беру теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтарды ұлықтайық» атты көрме ұйымдастырылды. Ұлттың ұлт болып қалыптасуы ең алдымен ұлттық құндылықтарды дәріптеуден бастау алады. Ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған көрмеде ұлттық стилідегі эксклюзивті қолдан жасалған бұйымдар, күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, әсем ұлттық ою-өрнектермен кестеленген  көрпешелер, ұлттық тағам түрлері, әртүрлі рәсімдерге арналған бұйымдардың  кең түрлері ұсынылды.

 

19.03.2024