14 наурыз күні Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Бөрік теппек» ұлттық ойыны бойынша жарыста ИжСТФ командасы ІІ орынға ие болды! Команда құрамында С-23-к тобының студенттері Қайыргелди Дәурен, Құдабаева Томирис және ЭЭ-23-к тобының студенті Сәбит Нұржігіт қатысты. Байқауды Қозыбаев университетінің студенттермен жұмыс бөлімі М.Қозыбаев АМАНАТ партиясы «Болашақ» аумақтық филиалының қолдауымен өткізді. .
Ойын мақсаттары: Қазақтың ұлттық ойынын қолдау, насихаттау және дамыту; Қазақ халқының ұлттық ойындарына жұртшылықтың назарын аудару; Жастарды топтастыру және табысты мәдени интеграция үшін жағдай жасау; Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.


