«География және экология» кафедрасының Экол-21-к тобының студенттері Құрманова Мадина мен Байғабыл Шынар «Үлкен экологиялық практикум» пәні аясында «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі» КММ 10-11 сынып оқушыларына экологиялық білім беру және тәрбие беру бойынша сабақты өткізді. Өткізілген сабақтың тақырыбы қазіргі заман үшін өзекті болып табылады және оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сабақ барысында оқушылар сұрақтар қойып, толық жауаптар алды. Сонымен қатар студенттер мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Экол-21-к тобының студенттері «География және экология» кафедрасының қызметі мен мамандықтары туралы айтып берді.