Сөздәйектер галереясы
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
«Егіншіліктің ресурс үнемдеуші технологиялары жүйесінде топырақты өңдеудің әртүрлі тәсілдерін қолдану тиімділігін салыстырмалы талдау» дебаты
«Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасында «Егіншіліктің ресурс үнемдеуші технологиялары жүйесінде топырақты өңдеудің әртүрлі тәсілдерін қолдану тиімділігін салыстырмалы талдау» тақырыбында пікірталастар өткізілді. Іс-шара Ғылым күндері аясында өтті. Пікірталастың мақсаты-білім алушылардың коммуникативті-бағытталған қызметін ұйымдастыру және сыни ойлауды дамыту. 6В08101 «Агрономия» ББ 2-ші және 3-ші курс студенттері қатысты. Пікірсайыс барысында ауыл шаруашылығындағы топырақты өңдеу жүйесі бойынша мәселелер талқыланды (дәстүрлі, no till). Білім алушылар 2 кезеңде бақ сынасты. Әр команда өз көзқарасын дәлелдеді және оны барлық жағынан қорғады. Пікірсайыс нәтижелері бойынша қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
