"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Абай Құнанбаев

«Егіншіліктің ресурс үнемдеуші технологиялары жүйесінде топырақты өңдеудің әртүрлі тәсілдерін қолдану тиімділігін салыстырмалы талдау» дебаты

«Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасында «Егіншіліктің ресурс үнемдеуші технологиялары жүйесінде топырақты өңдеудің әртүрлі тәсілдерін қолдану тиімділігін салыстырмалы талдау» тақырыбында пікірталастар өткізілді. Іс-шара Ғылым күндері аясында өтті. Пікірталастың мақсаты-білім алушылардың коммуникативті-бағытталған қызметін ұйымдастыру және сыни ойлауды дамыту. 6В08101 «Агрономия» ББ 2-ші және 3-ші курс студенттері қатысты.  Пікірсайыс барысында ауыл шаруашылығындағы топырақты өңдеу жүйесі бойынша мәселелер талқыланды (дәстүрлі, no till). Білім алушылар 2 кезеңде бақ сынасты. Әр команда өз көзқарасын дәлелдеді және оны барлық жағынан қорғады. Пікірсайыс нәтижелері бойынша қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

26.04.2024