Сөздәйектер галереясы
Қандай ғылым болса да, ол-адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды.
Әл-Фараби
«ПЕДАГОГИКА ӘЛЕМІНЕ БАҒДАР» педагогикалық лабораториясы
12 маусымда қала мектептерінің оқушыларына арналған «ПЕДАГОГИКА ӘЛЕМІНЕ БАҒДАР» педагогикалық лабораториясы атты іс шара өтті. Іс-шара Кәсіби бағдарлау орталығы және "Педагогикалық компас: болашаққа бағдар" екі кезеңнен құралды. Оқушылар және мектептердің кәсіби бағдарлау бойынша мамандары "Педагогика және психология" ББ бағдарламасының білім алушыларының көмегімен Климовтың әдістемесі бойынша кәсіби бағдарлау тестін өтіп, ойындар арқылы "Мәдени-тынығу жұмысы" ББ студенттері ұйымдастырған қызықты интерактивке қатысып, сертификаттар алды.
15.06.2024
