Мемлекет басшысының тапсырмасымен стипендиялар арттыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Үкімет Қаулысымен 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттер төлемдердің кезекті өсуін күтуде!
Бакалавриатта олар 20%-ға өседі. Осылайша, педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларда стипендиясы 75 600 теңгені, басқа мамандықтарда- 47 135 теңгені құрайды. Магистранттар мен докторанттарға стипендия тиісінше 15% ға: 107 061 теңгеге және 240 000 теңгеге ұлғайтылады. Интерндерге 85 376 теңге төленеді. Ал 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақылары тағы 20%– ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиялары 15%- ға өседі.