Бүкіл ел бойынша мемлекеттік білім беру гранттар конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау басталды. Қозыбаев университеттің қабылдау комиссиясында құжаттарды электронды түрде беруге көмектесетін техникалық хатшылар жұмыс істейді. Байқаудың алғашқы қатысушыларына университеттен естелік кәдесыйлар табысталды.
Биыл су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің балалары үшін өтініштерді қабылдау мерзімі 24 шілдеге дейін ұзартылды. Сондай-ақ оларға 4 ҰБТ-ның ең жоғары ұпайы бар
сертификатын тапсыруға рұқсат етіледі. Бұл грантты ұтып алу мүмкіндігін едәуір арттырады. Бұған дейін байқауға тек мамыр айында тапсырған тестілеу ұпайларымен қатыса алатын.
«Қозыбаев университеті біздің стратегиялық серіктесіміз - Аризона университетімен қос дипломды бағдарламаларды жүзеге асыруда. Оларға 1200 грант бөлінді. Сонымен қатар, педагогикалық квоталық гранттар бөлінді. Біздің ЖОО, халық тығыз қоныстанған өңірлерден келген білім алушылар үшін, гранттар беру байқауына арналған бағдарламаға қатысады. Қазіргі таңда бұл бағдарлама бойынша құжаттар қабылдануда», – деді Басқарма Төрағасы- Ректор Ербол Исақаев.
Басым бағыттар-техникалық, педагогикалық және ауыл шаруашылығы ғылымдары.