Біздің университет тарихында алғаш рет бакалавриат түлегі Арктика мемлекеттік агротехнологиялық университетімен (Саха Республикасы, (Якутия), РФ) қос дипломды бағдарлама бойынша оқуын аяқтады. Алғашқы бастаушы студент- Әлішер Қайрат болды. Ол Қозыбаев университеті Агротехнологиялық факультетін «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша бітіріп, «Экономика» ББ бойынша серіктес ЖОО-да қорытынды аттестаттаудан сәтті өтті. АМАТУ- да тегін білім алды.
Нәтижесінде, Әлішер екі дипломға ие болды! Бұл жас маман үшін жұмысқа орналасу мүмкіндігін едәуір арттырады. Айтып өткен жөн, бұған дейін білім алушыларды бірлесіп даярлау «Агрономия» және «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» магистратурасының бағдарламалары бойынша жүргізілген.