Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Университеттің ғылыми әлеуетін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдеріне таныстырды

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерлері Қозыбаев университетінде болды. ЖОО басшылығымен кездесуде ғылыми жобаларды іске асыру бойынша ықтимал ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қонақтарға инженерия, АӨК, медицина, ұшқышсыз ұшу аппараттары бойынша жаңа оқу-зертханалық кешеннің заманауи зертханаларымен таныстырды.

«Облыс басшылығы ЖОО-ға үлкен қолдау көрсетеді: ОЗК салынды, университетке екі жаңа жатақхана берілді. Мұның барлығы СҚО мектептерінің түлектерін және  Қазақстанның түкпір-түкпірінен талантты жастарды тарту үшін жасалып жатыр. Соның бірі Аризона университетімен стратегиялық әріптестік шеңберінде шетелдік ЖОО филиалының ашылуы болды. Онда 500 - ден астам студент бірлескен бағдарламалар бойынша білім алуда»,– деді Басқарма Төрағасы- Ректор Ербол Исақаев.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сыртқы стейкхолдерлермен жұмыс департаментінің директоры Тельман Шуриев қазір ғылыми жобаларды іске асыру жұмыстары өндіріс қажеттіліктеріне сай қайта қаралғанын атап өтті. Экономиканың нақты секторында сұранысқа ие кейстер дамуда.

Қонақтарды, бөлшектерді қалпына келтірудің энергия тұрғысынан тиімді лазерлік-плазмалық технологиясын, сондай-ақ, мұнай-газ ұңғымаларында көмірсутектерді өндірудің терең сорғы кешенін лазерлік-плазмалық өндірудің жаңа технологиясын әзірлеу жөніндегі біздің ғалымдарымыздың жобалары қызықтырды.

Қозыбаев университетінің  Директорлар кеңесінің Төрағасы Ғалым Байтұқ оқу-зертханалық кешендегі ғылыми жабдықтардың әлеуетін жоғары бағалады, соның арқасында өңір кәсіпкерлерімен өзара ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығуға болады. Мәселен, университет сатып алған голландиялық тамақ өнімдерінің хроматографы тамақ өнімдерінің құрамына химиялық талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл қызметті қазір Ресей Федерациясында немесе Алматыда осындай талдауға тапсырыс беруге мәжбүр болған кәсіпорындар пайдалана алады. Яғни, өңірдің ет-сүт кешенінің жұмысы айтарлықтай жеңілдейді.

Ал физика кафедрасының зертханасының ҰҰА-да топырақты талдай отырып, егіс алқаптарын геосканирлеу мүмкіндіктері СҚО аграршыларын қызықтыруы мүмкін. Қазіргі таңда жаңа жабдықты пайдалануға беру және лицензиялау тетігі пысықталуда.

07.08.2024