"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Танымның үш жолы бар: ең оңайы - еліктеу, ең ащысы - тәжрибе, ең мәртебелісі - ойлау.

Конфуций

Аризона Университетінің өкілдері қаламыздың оқушыларымен кездесті

Оқушылар сарайында АУ өкілдерімен Петропавл мектептерінің оқушыларымен кездесу өтті. Шараға 200-ге жуық жастар қатысты. Оларға Аризона университетінің: білім беру бағдарламалары, кампус, ғылыми әзірлемелер туралы айтылды. Айтып өткен жөн, бұл университет NASA-ның планетарлық миссияларына қатысады және астробиология, инженерия, медицина, биотехнология бойынша жобаларды жүзеге асырады. Спикерлер бірлескен екі дипломдық бағдарламалар бойынша грантта оқып жатқан студенттер туралы айтып өтті. Биыл олардың саны 500-ге жетті. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі және жетінші семестрде Аризонаға оқуға жіберіледі. Оқушылар оқу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытып, Тусондағы негізгі кампус пен халықаралық бағдарламаларға түсу шарттары туралы белсенді сұрақтар қойды.

11.09.2024