Сөздәйектер галереясы
Ойлы әдебиет биік парасаттан, терең білімнен туады.
Сағат Әшімбаев
Студентіміз V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы
Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтуде. Оларға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады. Бұл іс-шара мәдени құндылықтарды сақтау мен ілгерілету алаңына айналды.
Осындай ауқымды жарыста ел намысын Қозыбаев университетінің студенті Сания Әскер қорғады. Ол бес асықтан Қазақстан әйелдер құрамасына кірді. Ал Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тамаша өнер көрсетіп, 1 орынға ие болды! Сания 2,5 млн теңге алды! Жеңісіңізбен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!
13.09.2024
