Сөздәйектер галереясы
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский
экологиялық жастар марафоны
"Birgemiz" волонтерлік фронт-офисі мен "Жастар салауатты өмір салты үшін" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған экологиялық жастар марафоны барлық қала тұрғындарына белгілі Мещанское орманында өтті. Акцияға "М.Қозыбаев атындағы СҚУ" КеАҚ Агротехнологиялық факультеті "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" ББ студенттері қатысты. "Үздік капитан" номинациясы бойынша марафон жеңімпазы Есенғараев Тимур бағалы сыйлыққа ие болды!Қазір біздің студенттер СҚО орман шаруашылықтары мен кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтуде. Олардың қала мен облыстың өміріне араласып, белсенді қатысқаны қандай керемет!
17.09.2024
