"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ж-Ж.Руссо

«Спорт есірткіге қарсы!» турнирі

«Спорт есірткіге қарсы!» турнирі Мемлекет басшысының студенттермен жүргізілетін жұмыста ұлттық құндылықтарды ұштастыру тапсырмасы аясында 1 курс студенттері арасында тоғызқұмалақ жарыс өтті. Турнирге барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

Әр факультет өз командасын ұсынды. Оның құрамында ұлдар да, қыздар да болды. Екі күн бойы білім алушылар қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан бақтарын сынады. Зияткерлік ойын «айналмалы» жүйе бойынша өтті.

Нәтижесінде 1-орын МЖҒФ, екінші орын ТЭҚФ, турнирдің «қоласы» ТжӘИ бұйырды. Жеке біріншілікте Манас Қожахметов (АМДИ-24-к тобы) мен Диана Үшкемпір (БМ-24-к-1 тобы) жеңімпаз атанды.  Құттықтаймыз!

 

27.09.2024