"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Әдептің басы - тіл.

А.Иүгенеки.

Оқушылар университетпен танысты

Қозыбаев университетінің студенттер контингенті 6000-нан астам адамды құрайды. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының арқасында студенттер ағынын одан әрі кеңейту жоспарлануда.  Осы аптада Петропавл мектептерінің 200-ге жуық оқушысы қамтылды.Балалар оқу-зертханалық ғимаратты аралап, факультеттердің жаңа жабдықтарымен танысты. ЖОО-ның  тарихи мұражайына, әскери кафедраға және бассейнге барды.Экскурсиялардан басқа, оқушыларға Аризона университетімен қос дипломды бағдарламалар мен білім ордаға түсу ерекшеліктері, перспективалары туралы егжей-тегжейлі айтылды.Талапкерлер қызықтырған барлық сұрақтарын тікелей декандар мен кафедра меңгерушілеріне қоюға мүмкіндік алды. Шара барысында балалар би баттлдарына қатысып, уақыттарын көңілді өткізді.

31.10.2024